Қызмет
ИНФОРМАЦИЯ
13.05.2010
Бiздiң оқу орталығымыздың автодромында Жеңiстiң арнаулы күндерi жарыстарда өттi

25.03.2010
Мамандандырылған оқу орталығының оқу базасында 17 наурыз программа бойынша батыстан жүргiзушiлерiнiң әзiрлеуi басталды : «Қысаң арттардағы автокөлiгiн қауiпсiз жүргiзу». 18 адамнан топтың әзiрлеуi екi апта ұзаққа созылады

11.02.2010
Бiздiң оқу орталығымыздағы РФ "Газпром" Роо тренингтер





Қызмет

Оқу орталығы жеке және заңды тұлғаларға:

- ұйымдардың, мекемелердің, банктер мен барлық меншік түріндегі фирмалардың ғимараттары мен қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтасыз ету;

- мекемелерді, олардың ғимараттары мен жайларын, аулаларын, көліктерін және басқа да материалдық құндылықтарын күзету, кіріп-шығушыларды тексеру және объектілердегі ішкі режимді бақылау;

- ақпараттардың басқаларға мәлім болып кетуінен қорғау;

- өндірістік, маркетингтік және басқадай әрекеттердегі құпиялылық режимін сақтау;

- құпия іс қағаздарын жүргізу бөлімінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялар жүргізе алады.

Біздің 2-қабатты қонақ үйіміз (барлығы 17 номірден тұрады) Іле Алатауының Алматы маңындағы ең бір тыныш, мамыражай және экологиялық жағынан таза алабында орналасқан. Жергілікті ауа райы да ерекше жайлы. Жасыл ағаштармен көмкерілген оңаша территория күндіз түні күзетіледі. Автокөліктерге арналған тұрақ бар (тегін).

Қонақ үй нөмірлерінде барлық жағдайлар жасалған: жиһаз, теледидар, тоңазытқыш, әжетхана, душ (ыстық және суық су).

Біздің отельдегі демалыс, көптеген демалушылардың пікірінше ең жақсы демалыс.

Біздің қонақ үй, Алматы маңында өте жақсы жағдайда демалудың қымбат емес мүмкіндігі!

Егер Сіздің Алматыдан алыс жерлерге топтасып корпоративтік демалысқа шығуға уақытыңыз болмаса, онда қалаға жақын маңда тимбилдинг ұйымдастыру оңай. Табиғат аясында команда қалыптастыру, корпоративке бөлінген уақытты қызықты және пайдалы түрде бірге өткізіп қана қоймай, қаланың шуылы мен шаңынан таза ауада біраз дем алуға мүмкіндік беріп, күш-қуатыңыздың артқанын сезініп, стресстен арылып және жұмысқа жаңа шабытпен кірісуіңізге жағдай жасайды.

Біздің Оқу орталығымыз Сізге және Сіздің қызметкерлеріңізге тимбилдинг процесіне волейболдан, футболдан, мылтық атудан, дөңгелек ату стендісінде мылтық атудан, пэйнтболдан және автокөліктерді кедергілер арасымен шебер жүргізуден өткізілетін жарыстарды да қосуды ұсынады. Барлық керекті құрал-саймандар, автодром, автокөліктер, қару-жарақ пен оқ-дәрілер, тәжірибелі нұсқаушылар Сіздерге қызмет көрсетеді. Корпоративтік эстафетаға қатынасу бәсекелестікке қабылеттілігіңізді жоғарылатады, өзіңіздің команданың бір мүшесі екеніңізді сезінуіңізге толыққанды мүмкіндік береді.

Біздің тимбилдинг сценариіміз сіздердің ұжымдарыңыздың ерекшеліктері мен компанияларыңыздың қызмет әрекетінің түрін ескере отырып жасалады – ешкім де шеткері қалмайды.