САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ҰРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ.
Бұрынғы кезде сауда орталықтарында қауіпсіздік тәртіпті бақылайтын күзетшілер мен азын-аулақ күзет және өртке қарсы дабыл құралдарымен ғана шектелетін.
Қазіргі кезде барлық сауда орталықтары қауіпсіздік мәселелеріне көп көңіл бөле бастады. Өйткені, сауда орталықтарының тиімділігі төмендеуде және осы төмендеулердің әрбір құрамдас бөлігін жою үшін немесе азайту үшін қауыпсіздіктің кешенді жүйесін дұрыс құра білу керек.
Сауда орталықтарындағы ұрлықты тоқтату – ол ұрлықтың әрбір түріне қарсы қажетті мөлшерде арнайы бағытталған оперативтік және техникалық шаралардың жиынтығы.
Төменде Сіз осы курс бойынша семинардың жоспарымен таныса аласыз:
|