Біздің Вэб-сайтымыздан Сіз күзет қызметкерлерін дайындау, мамандығын арттыру және қайта дайындау бағдарламасын, күзет жұмысына тартылған қызметкерлердің барлық категорияларын аз ғана уақытта төнген қауіпке шұғыл түрде қарсы шара қолдануға үйрететін жағдайлық тренингтер бағдарламаларын таба аласыз.
Арнайы мамандандырылған оқу орындары, ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 05 сәуірдегі № 407 Қаулысына сәйкес, жеке күзет қызметкерлерін, жеке күзет ұйымдарында, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінде, ведомстволық емес күзет бөлімдерінде күзетші қызметін атқарушы жұмыскерлерді дайындауды және және қайта дайындауды жүзеге асырады.
Бұған қосымша, ҚР КҰА МОО әрбір нақты ұйым үшін арнайы дайындалған және тапсырыс берушінің өзі істейтін саладағы іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, объектілерінің орналасуының т.б. ескеретін бағдарламалар ұсынады, біз теориялық, тәжірибелік сабақтар мен тренингтер ұсынамыз.
Біздің орталықта Сіз өзіңізге пайдалы және күнделікті жұмысыңызға өте қажетті оқулықтар мен көрнекті құралдар алуыңызға болады.
Кәсіптік дайындықтан және қайта дайындаудан өткен әрбір курсант Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгідегі куәлік және жекелеген мамандықтар бойынша тиісті бағдарлама бойынша дайындықтан өткені туралы сертификат алады.
Біз әрбір клиентке құрметпен қараймыз және олардың комфортты жағдайда терең де жемісті түрде оқулары үшін оқу орталығымызды:
-
оқу аудиторияларымен;
-
спорт залдарымен;
-
оқытудың қазіргі замандық техникалық құралдарымен;
-
көрнекті құралдармен;
-
тиісті оқулықтармен және видеотекамен;
-
даладағы тактикалық-ату комплексімен (50 метрлік қашықтыққа дейінгі ату алаңдары, әртүрлі жағдайлы нысаналармен;
-
электронды - лазерлік тир;
-
шұғыл қарсы әрекет ету дағдыларына үйретуге жағдай жасалған жайлар; дөңгелек ату алаңы);
-
қажетті кару-жарақ және оқ-дәрілермен;
қазіргі замандық арнайы автодроммен және автокөліктермен жарақтандырдық.
Бұл жерде сіз біздің комплексіміздің картасын көре аласыз
Біздің әркімге қажетті жеке жағдай тудыруымыз Сізге біздің жұмысымызды бағалауыңызға, ал бізге өз шәкірттерімізді мақтан тұтынуымызға мүмкіндік береді!