Серiктестiктер туралы
ИНФОРМАЦИЯ
13.05.2010
Бiздiң оқу орталығымыздың автодромында Жеңiстiң арнаулы күндерi жарыстарда өттi

25.03.2010
Мамандандырылған оқу орталығының оқу базасында 17 наурыз программа бойынша батыстан жүргiзушiлерiнiң әзiрлеуi басталды : «Қысаң арттардағы автокөлiгiн қауiпсiз жүргiзу». 18 адамнан топтың әзiрлеуi екi апта ұзаққа созылады

11.02.2010
Бiздiң оқу орталығымыздағы РФ "Газпром" Роо тренингтер





Серiктестiктер туралы

Құрметті қонақтар!

 

Мен, «Қазақстан Республикасы күзет ұйымдары Ассоциациясының Мамандандырылған арнайы оқу орталығының» Бас директоры ретінде, Сіздерді біздің ВЭБ – сайтымызда құрметпен қарсы аламын!

Мамандандырылған арнайы оқу орталығы Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2003 жылғы 16 шілдедегі №700-ші қаулысымен құрылып (бастапқы атауы «Дайындық орталығы» ЖШС-гі. ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі №1240-шы қаулысы бойынша), «жеке күзет қызметкерлерін, жеке күзет ұйымдарында, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімдерінде күзетші қызметін атқарушы жұмыскерлерді арнайы курстарда дайындау және және қайта даярлау» құқығына ие болған болатын. 
 

Бұған қосымша біз Сіздерге білім берудің төмендегідей кең спектрін қуана ұсынамыз:

- оққағарларды, оның ішінде әйелдерді де, дайындау (жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық және заңға қайшы қол сұғушылықтардан қорғау);

- терроризмге қарсы дайындық (күзетшілер мен олардың басшыларының қысылтаяң жағдайларда іс-әрекеттері);

- «Автокөліктерді қысылтаяң жағдайларда қауіпсіз жүргізу», «Жедел жүргізу», «Эскорттық ілесе күзету» курстары бойынша жүргізушілердің, жүргізуші-күзетшілердің және оққағарлардың мамандығын жетілдіру;

- жағдаяттық тренингтер әдісімен инкассаторларды, оққағарларды, шұғыл қарсы әрекет топтарын (ШҚӘТ) дайындау (мамандығын жетілдіру) және т.б.

Оқу орталығы халықаралық стандарттарға сай қазіргі замандық материалдық-техникалық базамен: далалық тактикалық ату комплексімен, қажетті техникалар жиынтығы бар мамандандырылған автодроммен, электрондық тирмен, спорт залымен, оқу кластарымен және қонақ үйімен қамтамасыз етілген.

Біздің оқытушы-профессорларымыз бен нұсқаушылар құрамының ІІМ, ҰҚК оқыту құрылымдарында дәріс беру кезінде, және де Халықаралық терроризмге қарсы күрес орталықтарында үйренген әдістемелік машықтары мен қауіпсіздік саласында алған нақты тәжірибелері бар. 
 
ҚР күзет ұйымдары Ассоциациясының құрамына кіретін «Глобус», «Груп-4», «Күзет», «Қасқыр – секьюрити» сияқты ірі күзет компаниялары, және де сол сияқты ҚР Ұлттық банкі, «Халық банкі» АҚ,  «Ресей жинақ банкі» ЕБ АҚ, Республикалық арнаулы байланыс қызметі, Қазақстан мен Орталық Азияда жұмыс істейтін БҰҰ-ның халықаралық ұйымдары біздің клиенттеріміз болып табылады.
 

Біз Ресейдің, Израильдің және Францияның халықаралық оқу орталықтарымен іскер байланыстар орнаттық .

Егер өз қызметкерлеріңіздің мамандарығын арттыру Сіздің жұмысыңыздағы девизіңіз болса, егер Сізге өзіңіздің және өзіңізге жақын туыстарыңыздың қауіпсіздігі қымбат болса, егер Сіз қаржы мен уақыттың жемісті жұмсалғанын бағалай білетін болсаңыз, онда Қазақстан Республикасы күзет ұйымдары Ассоциациясының Мамандандырылған арнайы оқу орталығы – Сіз үшін ең жақсы таңдау!

 

Сізге біздің компаниямызға көңіл тоқтатқаныңыз үшін алғысымды айтамын!

                          Құрметпен, Пластовец Юрий Федорович

                          Бас директор, әділет ғылымдарының кандидаты